Селфи жасамақшы болған 3 студент пойыздың астында қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Карнатаке штатында үш студент селфи жасаймын деп пойыздың астында қаза тапты, деп хабарлайды NDTV телекомпаниясы.
Полиция хабарлағандай, екі ер адамның денесін таныған - олар Бангалордағы ұлттық колледжде білім алып жүрген студенттер.
Жергілікті құқық қорғау орган қызметкерлері қаза болғандардың суретке түсемін деп, пойызбен ара қашықтықты дұрыс есептей алмағанын мәлімдеді.