Селфи жасау үшін қолын 38 см-ге ұзартқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франкфурттық бозбала пластикалық хирургияның көмегімен қолын ұзартқан, деп жазады 24.kz
17 жастағы Марсель Фрике селфиге түсе алмағандығы үшін оң қолына ота жасатты. Енді жас жігіттің оң жақ қолы 104 см-ны құрайды. Ол бұрынғыға қарағанда 38 см-ге ұзарған. Қазір жас жігіт Франкфурттағы Қасиетті Кристофер ауруханасында жатыр. Марсель ауруханадан аман-есен шыққан соң міндетті түрде отбасыммен, ауруханадағы дәрігерлермен бірге селфи жасаймын дейді.