Селфи жасаймын деп XVIII ғасырдың мүсінін қиратты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лиссабонда (Португалия) Ұлттық ежелгі өнер музейін аралап жүрген турист селфи жасамақ болған кезінде XVIII ғасырдың басындағы мүсінді еденге құлатты.
Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
Әзірге аты-жөні аталмай отырған Бразилия саяхатшысы Михаил періштенің алдында тұрып, өз портретін түсірмекке әрекеттенген.
Басылымының ақпаратына қарағанда, ол кейін шегінген сәтте ара қашықтықты есептемеген және байқамастан өнер туындысын итеріп жіберген. Мүсін жерге құлап, быт-шыты шыққан көрінеді.
Сарапшылардың қорытындысына қарағанда, қираған мүсінді қайта қалпына келтіру мүмкін емес.