«Селтик» «Астанамен» кездесуінің алдында тағы бір ойыншысынан айырылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Селтик» командасының орталық қорғаушысы Нир Биттон Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің іріктеу раундында «Астана» командасына қарсы ойнамауы мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Сенбі күні өткен Шотландияның «Килмарнок» (2:0) командасына қарсы ойнаған чемпионатта Биттон жарақат алып қалып, Астанада өткен кешкі жаттығуға қатыса алмады.
Айта кетейік, Глазгомен болған алғашқы ойын барысында «Селтик» командасының орталық қорғанысында саңылау пайда болды. Ойын барысында алған жарақаттарының салдарынан Дедрик Бойат пен Эрик Святченко ойыннан тыс қалды. Бірінші матч шотландықтардың пайдасына шешілді. Есеп 5:0.
Қарымта ойын Астанада 22 тамызда, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21-30-да басталады.