«Селтик» - «Шахтёр» ойынында қарағандылықтарға қолдау білдіру үшін 200-ге жуық қазақстандық стадионға бармақ
АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - «Селтик» - «Шахтёр» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің финалдық матчын 200-ге тарта қазақстандық өз көздерімен көруге бел буып отыр, деп хабарлайды Sports.kz.
Ұлыбритания аумағында оқып немесе жұмыс істеп жатқан 150-ден 200-ге дейін қазақстандықтар «Селтик» - «Шахтер» матчына баруды жоспарлап отыр.
«Селтик» - «Шахтер» матчына кіру билетінің құны 25-30 фунт стерлингті құрайды (6000 - 7000 теңге).