Сэм Эггингтон: «Брук - ірі жігіт, бірақ Головкин орта салмақтағы өзге боксшылардан күшімен ерекшеленеді»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Сэм Эггингтон iFL TV берген сұхбатында өзінің отандасы Келл Бруктың қазақстандық Геннадий Коловкинмен айқастағы мүмкіндігін бағалады, деп жазады Sports.kz.

Сэм Эггингтон: «Брук - ірі жігіт, бірақ Головкин орта салмақтағы өзге боксшылардан күшімен ерекшеленеді»

- Брук орта салмақта өз күшін сынап көрмек. Әрине, Келл - кесек денелі жігіт, сондықтан осы дивизиондағы спортшылармен бәсекелесуге тырысады. Мұның үстіне алдағы айқасқа жақсы  салмақпен шығады деушілер де бар. Бірақ, Головкин  орта салмақтағы өзге боксшылардан күшімен ерекшеленеді. Менің ойымша, Бруктың осы жекпе-жекте жеңіске жетуіне мүмкіндік аз. Головкин оны ұрып тастайды,-деді Эггингтон

Головкин - Брук айқасы 10 қыркүйекте Лондонда «О2-Аренасында» өтеді.