Семей 300 жылдығына орай көркейе түседі

    ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен және Семей әкімдеріне заманауи талаптарды ескеріп, қалалардың көлік инфрақұрылымы дамуының бас сызбасын дайындауды тапсырды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Семей 300 жылдығына орай көркейе түседі

Семейдің 300 жылдығы 2018 жылы атап өтіледі.

Өңір басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, таяу уақытта Семей қаласының дамуы (тұрғын үй салу, көліктік даму, көліктік қамтамасыз ету) бойынша жеке жиын өтеді.    «Қала өзінің 300 жылдығын жаңарған, заманауи тұрғыда қарсы алуға лайықты», - деді Ахметов. 

Ол Семейде биыл құны 12 млрд теңгелік «Абай-Арена» мәдени-спорттық кешенін салу басталатынын айтты. Кешен заманауи әлемдік стандарттарға жауап береді. Онда әлемдік деңгейдегі мәдени-спорттық шаралар өтеді деп жоспарлануда. «Семей қаласы бұған әбден лайық», - деп атап өтті өңір басшысы.

Семей және Өскемен қалаларындағы 2007 жылға арналған жұмыс жоспарына қатысты  Ахметов екі қаланың атқарушы билік басшыларына көлік желілерінің проблемалық тораптары бойынша шұғыл шаралар шешімін дайындап, оларды жоюға кірісуді тапсырды.

Айтқандай, Өскеменнің сол жағалауында №19 шағын ауданында тағы бір орталық құрылатын болады.

2016 жылға тұтастай өңір дамуының алдын ала қорытындыларын шығаруға қатысты айтар болсақ, мәжілісте экономика дамуының жалпы оң серпіні атап өтілді. Атап айтқанда, жалпы өңірлік өнім 114, 4%  өсіммен, 2,6 трлн теңге көлемінде болады деп күтілуде. Өнеркәсіптік өнім көлемі 139,7%-ға (немесе   406 млрд теңгеге) артты. Жиынтық мәнде өнеркәсіптік өнім көлемі 1,4 трлн теңгеден асады.