Семей әкімдігі баға тұрақтылығына бақылау орнатты

СЕМЕЙ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейдегі негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның кез келген өсуіне қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінде құрылған арнайы штаб жедел үн қатады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Серікбек Бақтажаровтың ақпаратына қарағанда, қала кәсіпорындарындвағы нан-бөлке өнімдері тұрақтандыру қорындағы арзандатылған бағамен алынған ұнға пісіріледі. Тұрақтандыру қорынан бөлінген ұнға пісірілген стандартты бөлкенің бағасы 46 теңгеден аспайды. «Штаб баға жағдайын жіті бақылап отыр және кез келген баға көтерілуіне жедел үн қатады, - деді С.Бақтажаров. ? Біз бірден шағын және орта бизнес өкілдерімен байланыс жасап, себептерін анықтаймыз және жағдайды түзетудің жолдарын бірлесіп іздестіреміз».Семейде негізгі азық-түлік өнімдеріне баға халықтың көпшілігі үшін қол жетімді болып отыр.
Соңғы жаңалықтар