Семей әкімдігі қала тұрғынының 400 мыңнан астам шығынын төлейді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде Ертістегі мұзды жару жұмыстары кезінде баспанасы зардап шеккен семейлік қала әкімінен материалдық шығынның орнын толтыруын талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 29 наурызында Ертіс өзеніндегі мұзды жару жұмыстарынан өзен жағасындағы көпқабатты тұрғын үйлер зақымдалған болатын.

Жарылыстың салдарынан Сәтпаев, 87 үйінің тұрғыны Елена Кулакованың да пәтерінің жатын бөлмесінің терезелері сынған. Баспанада жұмыс істеген комиссия жөндеу жұмыстарын 35 мың теңгеге бағалаған. Алайда, Елена бұл сомаға келіспей, сотқа арызданған.

Оның айтуынша, баспанасындағы терезе жақтауларын ауыстыру жұмыстарына 323 571 теңге жұмсаған.

Істі қараған қалалық сот қала әкімінен зардап шегушінің есебіне жалпы сомасы 446 289 теңге материалдық шығын өтеу туралы үкім шығарды.

«Сот талапкердің өтініші бойынша құрылыс және сауда-саттық сараптама тағайындап, тексеру жүргізді. Құрылыс-маркетингтік сараптама бекіткендей терезе жақтаулары мен әйнегі әрі қарай пайдалануға және ауыстыруға келмеген. Нәтижесінде талапкердің арызы қанағаттандырылды», деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар