Семей әуежайына Әуезовтің есімі берілуі мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің халықпен есептік кездесуінде жас ақын Мерей Қарт Семей әуежайына елге белгілі жерлестеріміздің бірінің есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей әуежайына Әуезовтің есімі берілуі мүмкін

ШҚО әкімінің айтуынша, Семейде Абайдың аты берілген нысандар жетерлік  - Абай музейі, Абай театры, Абай кітапханасы бар. Онымен бірге, «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені салынып жатыр.

«Ұсыныс өте орынды. Бұл ретте, жерлесіміз, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің есіміне назар аудару жөн сияқты»- деді Даниал Ахметов.