Семей автобустарында электронды билет беру жүйесі іске қосылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей автобустарында электронды билет беру жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Семей қаласының ақпараттық орталығы.

Семей автобустарында электронды билет беру жүйесі іске қосылды

«Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұмановтың айтуынша, № 2, 5, 8, 12, 13, 15, 20 автобустарында жол ақысын карта немесе қосымша арқылы төлеуге болады. Сондай-ақ, жол ақысын қолма-қол да төлеуге де мүмкіндік бар. Тариф 80 теңгені құрайды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада жақын арада дифферинцияланған тариф енгізілетіні де айтылған.