Семей қалалық полиция басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қалалық полиция басқармасының жаңа бастығы болып Шалқар Құнанбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей қалалық полиция басқармасының жаңа бастығы тағайындалды

Шалқар Маратұлы 1971 жылы Семей облысы Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Әр жылдары ШҚО Жарма, Бородулиха, Көкпекті, Аягөз аудандары ішкі істер органдарында басшы лауазымдарда жұмыс істеген. 2012 жылы Бесқарағай ауданы ішкі істер бөлімі бастығы лауазымына тағайындалған.

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Алтай аудандық полиция басқармасын басқарды.