Семей қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласы әкімінің орынбасары болып Азамат Салимбаев тағайындалды. 

Семей қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: Семей қаласы әкімдігінен

Азамат Серікболұлы 1985 жылы Абай облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Экономика», 2024 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Экономика» магистрі ретінде тәмамдады. 

Еңбек жолын 2007 жылы Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде қаржы бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 

2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде көлік, өнеркәсіп және отын-энергетика саласындағы бюджеттік жоспарлау бағытында сарапшы, бас сарапшы және басқарма басшысы қызметтерін атқарды. 

2014-2020 жылдары Қаржы министрлігінің құрылымдарында отын-энергетикалық кешеннің бюджетін жоспарлау саласында басқарушылық қызметте болды. 

2020-2025 жылдары Атырау облысы әкімдігінде бірқатар жауапты лауазымды атқарды. Атап айтқанда, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын, Қаржы басқармасын және Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасын басқарды. 

Еске салсақ, осыған дейін Ілияс Бағдәулетовтің Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны жайлы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар