Семей қаласында өрт кезінде әйел адам құтқарылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында өрт кезінде құтқарушылар әйелді эвакуациялап, газ баллонын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласында өрт кезінде әйел адам құтқарылды

«10 қыркүйекта сағат 13:31-де Восточный правый көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққан. Құтқарушылар келгенге дейін үй тұрғындары пәтерінен өз бетінше шығып кеткен. Өрт сөндірушілер шақыру орнына келгеннен кейін өрт шыққан пәтердің залында жалпы ауданы 5 шаршы метр аумақты жалын шарпып, диван өртенді. Құтқарушылар бір әйелді эвакуациялады. Сондай-ақ, сыйымдылығы 27 литр болатын 1 газ баллоны табылды және сыртқа шығарылды», делінген хабарламада.

Қазіргі болжам бойынша, өрт электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шыққан.