Семей қаласында жалған полицей ұсталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жалған полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алаяқтың арбауына түскен 47 жастағы әйел полицияға арыз жазған.

Осы жылдың шілде айында «Оппо» маркалы ұялы телефонын жоғалтып алған ол бұл жайлы жақын танымайтын Фархат есімді азаматқа айтқан. Ер адам өзінің полиция қызметкері екенін алға тартып, жоғалған телефонды тезірек табуға уәде берді.

Жалған полицей өз қызметін жеті мың теңгеге бағалаған. Алайда ақшаны алғаннан кейін ер адам телефон қоңырауына жауап бермей, мүлде жоғалып кетті.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған жұмыссыз 23 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жауап алу кезінде ол кінәсін мойындап, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты», - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Тергеу барысында оның құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар