Семей қаласының Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласының Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды
Видеодан алынған кадр

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

«Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында. Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды»,-делінген хабарламада.

Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған.

Айта кетейік, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі осыған дейін Абай облысындағы орман өртінің оқшауланғанын хабарлады.