Семей қаласының Цементный кентіндегі жылу беру мен сумен жабдықтау толықтай қалпына келтірілді
АСТАНА. Желтоқсанның 17-сі. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, желтоқсанның 17-сінде Семей қаласының Цементный кентіндегі жылу беру мен сумен жабдықтау толықтай қалпына келтірілді.
Сәрсенбі күні, желтоқсанның 16-сында сағат 05.30-да диаметрі 500 мм. болатын салқын су жүретін су құбыры жарылды. Осының салдарынан №1 қазандық тоқтатылды. Сол сәтте Цементный кентіндегі көпқабатты 150 үйлерде тұратын абоненттер сусыз және жылусыз және 50-60 жеке сектор салқын сусыз қалды.
Сол күні 21 сағат 00 минутта сумен жабдықтау, ал бейсенбі күні 03 сағат 30 минутта жылу беру толықтай қалпына келтірілді.