Семейде қызылға өтіп кеткен жүргізуші салдарынан 7 адам ауруханаға түсті

Семей
Фото: Абай облыстық ПД

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Семей қаласында жол апатынан 7 адам зардап шекті.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ГАЗель жүк көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Ибраев көшесі мен Қайым Мұхамедханов даңғылының қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне түсіне өтіп кеткен. Соның салдарынан ол Toyota Highlander көлігімен соқтығысты.

Осыдан кейін ГАЗель инерциямен тағы екі «Ваз 2109» және «Lexus RX 300» көліктеріне соғылды. Жол-көлік оқиғасынан барлығы 7 адам ауруханаға түсті.

«Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Жол апаттарын болдырмау, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында әрбір жүргізушіге жолда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға кеңес береміз», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар