Семей көшелерінде маньяк қыздарды аңдып жүр - фейк

маньяк
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

  Семей қаласының сол жағалауында маньяк жүргені жайлы жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды Kazinform.

Семейліктер арасында қаланың сол жағалауында маньяктың қыздарды аңдып жүргені, сол үшін көшеге шықпау қажеттігі туралы ақпарат тарады. Бұның ақ-қарасын Абай облыстық Полиция департаменті ажыратып берді.

- Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Халыққа тек ресми дереккөздерден алынған мәліметке ғана сену керектігін ескертеміз. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұлдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар
telegram