Семей көшелерінен 1500 текше метрден астам су сорылды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Семей қаласы көшелерінен 1500 текше метрден астам су сорылды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жергілікті атқарушы органдар Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная көшелерінде, Восточный және Подгорная кенттерінде су сору жұмыстарын жүргізді. «Теплокомэнерго» компаниясымен бірлесіп, инертті материалдар төселді.
«Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аулалардан су сорды. Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары тартылды. Қазіргі уақытта қала көшелерінен барлығы 1500 текше метрден астам су сорылды», - делінген ақпаратта.
Жұмыстарға барлығы 60-тан астам адам және 20-дан астам техника жұмылдырылған. Жергілікті атқарушы орган мамандары мен құтқарушылар қала көшелеріндегі ахуалға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп жатыр.