Семей маңын және бірнеше ауылдарды электрмен жабдықтау қалпына келтірілді - ҚР ТЖМ
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Семей маңындағы электр тарату стансысындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталды.
Қалаға жалғасып жатқан елді мекендерді және бірнеше ауылдарды электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Сәрсенбі күні кешкі сағат бесте қала маңындағы электр тарату стансысында трансформатордың ақауынан 30 шаршы метр алаң өртенген болатын.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.