Семей мен Өскеменнен Алакөлге 2 мың теңгемен жету мүмкін болады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұрт алдында есеп беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір жыл ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылаған облыс әкімі биыл туризмді дамытуға баса көңіл бөлінетінін атады. Әсіресе Алакөлдің инфрақұрылымын дамытуға 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінбек.

«Өскемен мен Семейден Жалаңашкөлге дейін теміржол қатынасы іске қосылады. Билет бағасы бар болғаны 2 мың теңге ғана. Осының арқасында мыңдаған жерлестеріміз Алакөлден сая табады» - деді Даниал Ахметов.

Биыл Алакөлдің жағалауын абаттандыруға тағы 817 млн теңге бөлінбек. Әкімнің айтуынша, Алкөлді өзге елді мекендермен жалғап жатқан жолдарды жөндеу жұмыстары үлкен қарқын алуы тиіс.

«Бұл бағыттағы жолдарды жөндеуге ғана 700 млн теңге жұмсалады.  Былтыр Алакөлдің келбеті біршама өзгерді. Биыл оны мүлде танымай қалуларыңыз мүмкін. Алакөлдің келбеті мүлде өзгереді» - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
telegram