03:32, 21 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Семей орманында бөрене ұрлаған адам ұсталды
СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей орманында ағаш жымқыру фактілері анықталды.
«Семей орманы» табиғи резерватының аумағында жүргізілген рейд барысында резерваттың мемлекеттік инспекторлары Абай облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, ағаш жымқыру фактісін анықтады.
19 қыркүйекте «Семей орманы» Семей филиалының Талица орманшылығының аумағында өртенген ағаштарды дайындау жұмысы жүргізіліп жатқан жерде рұқсатсыз дайындалған кәсіптік ағаштың сүректері табылып, жауапты тұлға анықталды.
Осы факті бойынша Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 381-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды.