Семей орманында соңғы 20 жылдағы ең төмен температура тіркелді — 55℃

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей орманы резерватында аяз күшейді. 

аяз
Фото: Семей орманы

Бұл жайында резерваттың әлеуметтік желідегі парақшасынан хабарланды. 

«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында соңғы 20 жылдағы ең төменгі температура тіркелді. 20 ақпаннан 21 ақпанға қараған түні Семей бөлімшесінің Батпаев орман шаруашылығында (Абай облысы Бородулиха ауданындағы Дусакен стансасының маңы) термометр -55℃ градусқа жетті. Таудала бөлімшесінің (Абай облысы Көкпекті ауданы) Үлкен орман шаруашылығында сынап бағанасы -53°С көрсетті», — дейді Семей орманының ғылыми қызметкері Айнұр Баймадиева. 

Қорықтың бүкіл аумағында осы күні ең төменгі температура орта есеппен минус 31°С пен 50°С аралығында өзгерді. 

Айта кету керек, мұндай төмен температура қорықтың бүкіл тарихында (2003 жылдан бері) байқалмаған.

Табиғат хроникасының мәліметінше, осы жылға дейінгі ең төменгі температура 2018 жылдың 26 ​​қаңтарында тіркелген.

Сол кезде сынап бағанасы кей жерлерде -50°С дейін түсіп кеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар