«Семей орманының» 5,1 гектар жері ерекше қорғалатын аумақ санатынан шығарылмақ

АСТАНА. KAZINFORM – «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының 5,1 гектар жері ерекше қорғалатын аумақ санатынан шығарылмақ. Премьер-Министрдің тиісті қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

Семей Орманы
Фото: yandex.kz

— Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Абай облысының «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының (бұдан әрі — резерват) жалпы алаңы 5,1 гектар жері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық шекара қызметі департаменті Алтай аудандық шекара басқармасының «Ауыл» шекара өткізу пунктін (автокөлік) салу, жайластыру және оның жұмыс істеуі үшін босалқы жерлері санатына ауыстырылсын, — қаулы жобасында.

Құжат 12 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Соңғы жаңалықтар