«Семей орманы» резерваты техникасының 80 пайызы тозған

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Семей орманы» резерваты техникасының 80 пайызы тозған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: instagram.com/glpr.semeyormany

«Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 20 шілдедегі «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» 18-02/664 бұйрығына сәйкес, резерваттың жабдықталуы 92 пайызды құрайды. Амортизациялық тозуына байланысты техника мен жабдықтардың 80 пайызы есептен шығаруға жатады», - деп атап өтеді министрлік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомствоның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметінің 2023 жылдың 15 маусымындағы қаулысымен азаматтық қорғау саласындағы 2023 -2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шаралардың кешенді жоспары (бұдан әрі - кешенді жоспар) бекітілді.

2023-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мұқтаждықтарына арналған кешенді жоспар бойынша қаржыландырудың жалпы қажеттілігі 68,5 млрд теңгені құрайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту жөніндегі бірінші кезектегі әс-шараларға арналған кешенді жоспар аясында осы жылға 8,2 млрд теңге көзделген. Оның ішінде резерват үшін 1,4 млрд теңге (өрт сөндіру автомобилі - 15 бірлік, шағын орман патрульдік кешені – 14 бірлік, жылжымалы көлік құралы тіркемесі – 3 бірлік, өрт тіркеме бөшкесі - 8) қарастырылып отыр. 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде табиғат қорғау және орман мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын лайықты деңгейге дейін жеткізу көзделген.


Соңғы жаңалықтар