Семей орманындағы өрт: Юрий Ильин куәгер ретінде тергеліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокурор Берік Асылов бұрынғы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің Абай облысындағы орман өртіне қатысты тергеуге тартылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей орманындағы өрт: Юрий Ильин куәгер ретінде тергеліп жатыр

«Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеу ісінде Юрий Ильин мырзаның (құқықтық – ред.) мәртебесі қандай?», - деп сұрады журналист Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында.

Берік Асыловтың айтуынша, аталмыш тергеуде экс-министр Юрий Ильиннің мәртебесі айқындалмаған.

«Жай ғана куәгер ретінде тергеді, болды. Яғни, оның ешқандай мәртебесі жоқ – куәгер ретінде ғана тергелді. Қазір тергеу жүріп жатыр», - деді Бас прокурор.

Еске сала кетейік, Семей орманындағы алапат өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалған.