Семей палуандары Қазақ күресі федерациясы Кубогында жеңіске жеткені үшін 10 млн теңге алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей Мемлекеттік медициналық университетінің командасы Қазақ күресі Федерациясы Кубогының жеңімпазы атанды.Facebook-тағы Қазақ күресі парақшасында Кубок финалы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткені хабарланады.
None
None

«Семей» мемлекеттік медициналық университетінің командасы 1-орын (10 000 000 теңге); 2-орын - Қызылорда облысының «Алаш арландары» клубы (5 000 000) теңге; 3-орынды Алматы командасы (2 000 000 теңге) алды.

4-орын - ШҚО Тарбағатай ауданының командасы (800 000 теңге); 5-орынды - Алматы облысының командасы (700 000 теңге); 6-орын Жамбыл облысы қазақ күресі командасына (600 000 теңге); 7-орынды - ОҚО командасы (500 000 тенге); 8-орын Қарағанды облысының командасына (400 000 теңге) бұйырды.

Соңғы жаңалықтар