Семей полигоны туралы түсірілген фильм «Кинотаврдың» бас жүлдесін алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочиде 8 маусымда жабылған Ресейдің 25-ші ашық «Кинотавр» фестивалінің бас жүлдесін режиссер Александр Коттың дыбыссыз «Сынақ» фильмі иемденді. Бұл туралы фестиваль сайтында хабарланды.
«Сынақ» - 1949 жылғы Семей полигонындағы ядролық сынақ аясындағы махаббат тарихы.
Коттың айтуынша, дыбыссыз кино түсіру оның арманы болған. «Кино - бейнелеу екеніне сенімдімін, өйткені оны мылқау адам ойлап тапқан. Дыбыссыз фильм қай кезде де ішкі жан-дүниемді рахатқа бөлейді», - деді ол.
Өткен жылы фестивальдің бас жүлдесі Алексей Ивановтың романымен аттас Александр Велединскийдің «Географ глобус пропил» атты фильміне бұйырған.