Семей соты теміржол стансасының пара алған қызметкеріне үкім шығарды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей соты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының пара алған қызметкеріне үкім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Семей қалалық №2 соты «ҚТЖ-Семей жүк тасымалдау бөлімшесінің» «Шаған» стансасының 29 жастағы кезекшісі Даниял Нұрділдиновті екі жыл бас бостандығынан айырып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айыру жазасына кесті.

Ол АҚ филиалы «ҚТЖ-Семей жүк тасымалдау бөлімшесі» басшысының бірінші орынбасары азамат И.-ге делдал арқылы 19 мамыр күні 200 мың теңге пара беріп, Семей қаласындағы бос орынға жұмысқа орналастыруын сұраған.

Сотталушы мен оның қорғаушысының 6 000 000 теңге көлеміндегі айыппұл салу жазасын белгілеу туралы дәлелдерін сот жарамсыз деп таныды. Өйткені соталушы жұмыс істемейді әрі оның жабылмаған үш несиесі бар.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы оған үкімнің көшірмесі берілген күннен бастап 15 тәулік ішінде облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым түсіруіне болады.

Соңғы жаңалықтар