Семей тұрғыны көлігіне қағазға жазылған нөмір тағып алған
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны көлігіне қағазға жазылған нөмір тағып алып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады.
«Instagram желісіндегі парақшада Семей тұрғынының көлігіне қағазға жазылған нөмір тағып алып жүрген суреті жарияланды. Полицейлер бірден оның DAEWOO NEXIA көлігінің 28 жастағы жүргізушісі екенін анықтады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі (Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін, не тіркелмеген көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ