Семей тұрғынының үйінен есірткінің аса ірі партиясы табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында есірткі саудалаумен айналысқан ер адамның үйінен 25 келі марихуана табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері өңір аумағында есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған «Қарасора» жедел алдын алу шарасын жалғастыруда.

Шара барысында Семей қаласында есірткі саудасымен айналысқан 38 жастағы тұрғын анықталды. Жедел уәкілдер ер адамды қылмыс үстінде ұстады.

Оның үйін тінту кезінде 25 келіден астам марихуана табылды.

Күдікті марихуананың ірі партиясын 335 дана полиэтилен пакетке салып, қала жастарына сату үшін дайындаған.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот санкциясымен ер адам қамауға алынды», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар