Семей ұн тарту-құрама жем комбинатында төтенше жағдай орын алды - 8 адам зардап шекті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейдің ұн тарту-құрама жем комбинатында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болып, оның соңы өртке ұласты. Оқиға салдарынан шамамен 8 адам зардап шеккен.

Семей ұн тарту-құрама жем комбинатында төтенше жағдай орын алды - 8 адам зардап шекті

Бұл туралы хабар бүгін 11.30 кезінде Семей қаласының ТЖ департаментінің кезекшісінен келіп түскен, деп хабарлады облыстың прокуратурасының баспасөз қызметі.

Оқиға орнына өрт сөндру қызметінің және өкілетті органдардың өкілдері, Семей қаласы прокурорының міндетін атқарушы М.Тұрыбаев пен прокуратура қызметкерлері шықты.

Осы факті бойынша қосымша тергеу жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі. Тергеу жүргізу барысы қала прокуратурасының назарында болмақ.