Семейде 12 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 12 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде 12 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 ақпанда «102» арнасына хабарласқан азамат «Радуга» сауда үйінің жанындағы реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде баланы көлік қағып кеткенін жеткізді. Осының салдарынан 12 жастағы бала дене жарақатын алған.

«Жүргізуші бірден оқиға орнынан із суытқан. Қазіргі уақытта оның кім екендігін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта іздестіру шараларына жеке құрамның барлық қызметкерлері жұмылдырылған.