Семейде 13 жасар оқушы қыз табылмай жатыр

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысы полиция департаменті жоғалған қызға іздеу салды. 

оқушы қыз
Фото: Абай облысы ПД

Облыс орталығының тұрғыны Наргиз Өнерқызы Бағдатбекова 23 ақпан таңертеңгі 10:00 шамасында Семей қаласы Восточный правый, 4287 мекенжайындағы үйінен шығып кетткен қайтып оралмаған.

Оқушы қыз 2011 жылы туған, кәмелетке толмаған. 

Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 150-155 см. Арық денелі.

қыз
Фото: Абай облысы ПД

Киген киімі: қысқа қара күрте, қара бас киім, қара шалбар, аяғында қара түсті аяқ киім, қара түсті рюкзагы бар.

Қандай да бір хабары бар адам 102 нөміріне қоңырау шалғаны жөн. 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум