Семейде 150 мыңға жуық адам вакцина алды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 150 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде 150 мыңға жуық адам вакцина алды

Қалалық Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 30 мыңнан астам адамның ПТР-сынама нәтижесі оң болып шыққан. Қазіргі уақытта өңір стационарларында 224 тұрғын ем қабылдап жатыр. Оның ішінде ауыр халдегі 20 адам реанимацияда бақылауда.

«Күн сайын республика аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 мыңнан астам жағдайы анықталады. Бұл індетті жеңудің жалғыз жолы – вакцина. Семейде 50-ден астам вакцинация орны бар. Сондай-ақ екпе салдыруға болатын 7 жылжымалы пункт жұмыс істейді. Вакцинаның бірінші және екінші компоненті арасындағы ұзақтық – 21 күн. Екпе вирустан 92%-ға қорғайды», - дейді Семей қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы.