Семейде 1500 орындық екі мектеп салынады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жаңа екі мектеп бой көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде 1500 орындық екі мектеп салынады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов селекторлық кеңес барысында білім беру саласындағы мәселелерді сөз етті. Оның айтуынша, Өскемен мен Семей қалаларының мектептері оқыту әдістемесі бойынша Аягөз қаласы мен Көкпекті ауылынан едәуір артта қалған.

«Биыл Семейде 300 және 1200 орындық екі мектептің құрылысы басталады. Сочи қаласында орналасқан «Сириус» оқу орталығы сияқты бірегей білім беру мекемесін құруымыз қажет. Біздің міндетіміз – IT ақпараттық бағдарламалар арқылы білім беру жүйесінің деңгейін көтеру», - деді облыс әкімі.

Даниал Ахметов өз сөзінде Өскемен мен Семей шаһарларындағы білім беру мекемелерінің қызметкерлері оң қорытынды жасап, жұмысының сапасын арттыруы керектігін жеткізді. Сондай-ақ өңірде басты бағыттардың біріне айналған көптілді білім беру бойынша тиісті жұмыс жалғасады.