Семейде 19 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей қаласында 19 жастағы Жансая Сафаева із-түссіз жоғалып кетті, деп жазады ustinka.kz.
2017 жылғы 14 маусымда 19 жастағы қыз қаладағы «Универмаг» дүкені маңында орналасқан үйінен күндізгі уақытта шығып кетіп, оралмаған.
«Жоғалған қыздың туыстарының сөзіне қарағанда, Жансая жақында ғана грандпен оқуға түсіпті. Оның үйден осылай кетіп қалуына еш себеп жоқ. Ұялы телефоны өшірулі. Полицияға өтінішті оның туыстары берді», - дейді «RINA. KZ - Семей» еріктілер қозғалысының жетекшісі Евгения Павел.
Жоғалып кеткен қыздың туыстары мен еріктілер Жансая туралы қандай да бір мәліметтер білетін болса 8-747-349-57-17, 8-115-623-76-71 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.