Семейде 29 бас жылқыны айдап кеткен ұры ұсталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында полиция қызметкерлері 29 бас жылқы ұрлаған 58 жастағы адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде 29 бас жылқыны айдап кеткен ұры ұсталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан ер адамды қолға түсірді.

«Белгілі болғандай, ол Семейдегі шаруа қожалығының 42 жастағы иесіне тиесілі 29 бас жылқыны еркін жайылымнан ұрлап әкеткен. Осының салдарынан жәбірленушіге 8 100 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді. Полицейлер 58 жастағы қала тұрғынын ұстап, изоляторға қамады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ШҚО тұрғындары заңсыз сақталған 100 қаруды өткізгенін хабарлаған едік .