Семейде 3 мың студент «Атамекен» әнін орындады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысының жастары Республика күніне орай челлендж ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде 3 мың студент «Атамекен» әнін орындады

Флешмоб Қарағайлы шағынауданындағы көпфункционалды спорт кешенінің алдында өтті. Оны ұйымдастырған «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ студенттері қолдарына Мемлекеттік ту мен жалаушалар ұстап, «Атамекен» әнін орындады. Шараға барлығы 3000 адам қатысты.

Жастар еліміздің үздік оқу орындарын челленджді жалғастыруға шақырды.

Еске салайық, 25 қазанда Республика күні атап өтіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен бұл дата – ұлттық мереке саналады.

Видеодан алын ғ ан кадр
Майкл Дэниел назначен главой Авиационной администрации Казахстана
Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның авиация әкімшілігінің басшысы тағайындалды