Семейде 4 адам қаза болған жол апатына қатысты сот үкімі шықты

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында 4 адамның өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасына себепкер болған жүргізушіге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде 4 адам қаза болған жол апатына қатысты сот үкімі шықты

Cот отырысында белгілі болғандай, айыпталушы «Озерки-Семей» тасжолында жылдамдықты асырып жіберіп, рөлге ие бола алмай қалған. Осының салдарынан қарама қарсы бағытқа шығып кеткен көлік арыққа құлапты.

Жол-көлік оқиғасынан 4 адам көз жұмып, 1 адам жарақат алған.

«Сотталушы ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 ай мерзімге түрмеге қамалды. Сондай-ақ ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды» - деп хабарлады Семей қалалық №2 соттың баспасөз қызметі.