Семейде 4 балаға иіс тиді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында пеш ақауының салдарынан төрт бала мен бір ересек адамға иіс тиген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде 4 балаға иіс тиді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 қаңтарда түнде жедел жәрдем станциясының кезекші диспетчеріне Бобровка саяжай қауымдастығында 5 адамға иіс тигені жайлы хабар түскен. Оқиға орнына бірден медицина қызметкерлері аттанды.

«Анықталғандай, бұған пештегі ақау себеп болған. Иіс тиген 4 бала мен 1 ересек азамат ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД өңір тұрғындарына пеш мұржасын уақтылы тазалап, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.