21:21, 05 Қаңтар 2019 | GMT +5
Семейде 4-қабаттың балконынан құлаған әйел көз жұмды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 4-қабаттағы балконнан құлап кеткен әйел оқиға орнында жантәсілім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аltaynews агенттігіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға кешкі сағат 16:00 шамасында, «Адал» дүкені маңында орын алған.
«102 қызметіне жедел жәрдем бригадасынан хабарлама келіп түсті. Олар әйелдің бойында жан жоқ екенін мәлімдеді. Сол заматта оқиға орнына экипаж жөнелтілді. Тергеу барысында полиция 38 жастағы әйелдің өз пәтерінің балконынан құлап кеткенін анықтады», - дейді Семей қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов.
Аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.