Семейде 5 медициналық нысан салу жоспарланған

Семейдегі көпір
Фото: Дәурен Жұмағалиев

АСТАНА. KAZINFORM – Осы жылы Абай облысының денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,8 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы осы өңірдің әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлім етті.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыс бойынша 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарланған. Жыл соңына дейін 64 нысанды пайдалануға беру көзделіп отыр. Оның 8-і қазірдің өзінде пайдалануға берілді. Кешенді жоспарға сәйкес Семейде 100,4 млрд теңгеге 5 медициналық нысан салу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде инвестор есебінен жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр», - деді Н. Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметіндені баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі былтыр Көкпекті ауылында гемодиализ орталығы ашылғанын еске салды. Биыл аталған орталықтар Үржар мен Ақсуатта ашылды. Сол сияқты биыл Жарма мен Мақаншы аудандарында компьютерлік тамографтар қойылады.

«Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасы жасанды қан айналым аппаратымен жабдықталды. Ол жүрек аурулары кезінде қан айналымын толық тоқтатып, жүрекке ашық ота жасауға мүмкіндік береді. Жалпы, осы жылы денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,8 млрд теңге бағытталды», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Абай облысының әкімі өңірдегі жаңа мектептердің құрылысына түсінік берді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram