Семейде 5,6 мыңнан астам жүргізуші жылдамдықты асырған
АСТАНА. KAZINFORM — Семей полицейлері жыл басынан 32 227 құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство атап өткендей, жолдағы бір ғана ереже бұзушылық кейде адам өміріне әсер ететін жағдайға ұласуы мүмкін. Сондықтан Семей қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс күн сайын жалғаып келеді.
— Жыл басынан бері Семей қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция қызметкерлері 32 227 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Статистикаға назар аударсақ, анықталған фактілердің басым бөлігі — жол қозғалысы ережелерін сақтамауға байланысты, — дейді тәртіп сақшылары.
Оның ішінде:
- 5 693 — белгіленген жылдамдықты арттыру;
- 4 817 — қауіпсіздік белдігін тақпау;
- 3 420 — маневр жасау қағидаларын бұзу;
- 2 484 — тоқтау және тұраққа қою талаптарын бұзу;
- 2 213 — көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану;
- 1 195 — көліктің техникалық жағдайына қойылатын талаптарды бұзу;
- 926 — сақтандыру полисіне қатысты құқық бұзушылық;
- 266 — жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу;
- 202 — көлік құралын қайта жабдықтау талаптарын бұзу;
- 142 — көлік әйнектерін талапқа сай емес қараңғылау;
- 136 — мемлекеттік нөмірлік белгісіз көлік басқару.
Жалпы жыл басынан, 29 607 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісінің жолы кесілді.
Осыдан бұрын Семейде TikTok эфирінде былапыт сөз айтқан әйел сотталғанын жаздық.