Семейде 6 адам қатты аязда үсіп қалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 6 адамды үсік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық жедел жәрдем станциясы мамандарының мәліметіне сүйенсек, 5 қаңтарда аяқ-қолы үсіп қалған 6 адам ақ халаттылардың көмегіне жүгінген.

Оның көбі негізінен 3 және 4 қаңтарда зардап шеккенімен, дәрігерлерге тек кеше ғана қаралған.

«Бір азамат вагоннан жүк түсіріп жатқан кезде, ал енді бірі қолғап кимей сөмкесін көтеріп жүргенде қолдарын үсік шалды. Жалпы 2020 жылдың 31 желтоқсаны мен 2021 жылдың 4 қаңтары аралығында станцияға үсік шалған 17 адам жүгінді» дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, ШҚО ТЖД өңірде бірнеше күн бойы ауа температурасының күрт төмендейтіндігін ескерткен болатын.


Соңғы жаңалықтар