Семейде «Абай» өнер мектебі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде Абай атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың жанынан ұлы ақынның атындағы өнер мектебі ашылды. Оқу мекемесі Ахмет Риза медресесі ғимаратында орналасқан, деп хабарлады www.24.kz.

Семейде «Абай» өнер мектебі ашылды

Балалар сабақта Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен терең танысады және бес бірдей үйірмеге қатыса алады. Оқытушылар мектеп оқушыларын поэзияға, қолөнерге баулып, тоғызқұмалақ ойынын үйретеді. Абай мектебіне 70-тен аса бала келеді деп күтілуде.

«Біз мұражайдың жанында оқушыларға тәрбие беретін осындай мектептің болғанын қаладық. Оның жастарымызға мәдени, рухани азық беріп, өнерге баулуда мәні зор», - деді Абай мұражайы директорының орынбасары Болат Жүнісбеков.