Семейде әскери бөлім қызметшілері қар шығаруға жұмылдырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Семей қаласының көшелерінен қар шығаруға жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қардың көп мөлшерде жаууына байланысты Семей қаласының көшелерін қар басты.
Жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша 2023 жылғы 8 қаңтарда сағат 09:10-да ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін қар шығаруға кірісті.
Қазіргі уақытта 150 тонна қар шығарылды. Қаланың орталық көшелерінен қар шығару жұмыстары жалғастырылуда.



Фото: t.me/qr_tjm