Семейде «Әуезов әлемі» атты республикалық фестиваль өтіп жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «Әуезов әлемі» атты республикалық фестиваль өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған фестиваль 5 қазан күні басталған.

«Әуезов әлемі» атты республикалық танымдық-шығармашылық фестиваль 7 қазанға дейін жалғасады. Шараны әкімдікпен бірге ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып отыр. Фестиваль аясында «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтуде. Ондағы мақсат – Әуезов мұрасы және Алаш идеясы негізінде рухани-мәдени және білім беруді дамытудың сабақтастығы мен прогресшілдігін қамтамасыз ететін зияткерлік әлеует қалыптастыру. Байқауға еліміздің 18 аймағынан 20 білім алушы бақ сынауда. Бұдан бөлек, Абай театрында «Ұлылыққа тағзым» атты салтанатты кеш өтеді», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ ертең «Шыңғыстау – тағзым етер нұр тұрағым!» атты ұлылар еліне сапарнама ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, «Әуезов әлемі» конференциясына еліміздің түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындарының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, педагогикалық және гуманитарлық колледждердің директорлары, оқытушылары мен білім алушылары қатысуда.


Соңғы жаңалықтар