Семейде автожуу бекеті өртеніп, газгольдер жарылды
АСТАНА. KAZINFORM — Семей қаласының Солтүстік ауданындағы Сосновая көшесінде бір қабатты автожуу ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметі келгенге дейін оқиға орнындағы газгольдер жарылған. Өрт жүк көлігіне және жақын маңдағы екі жеке тұрғын үйге тараған.
Қазіргі уақытта өрттің аумағы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
— Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары ранг бойынша жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіру үшін үздіксіз су беру ұйымдастырылып, бірнеше өрт сөндіру оқпаны іске қосылған. Жұмысты үйлестіру үшін оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, — делінген хабарламада.
Құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бұған дейін Тарбағатайдағы өрт тоқтатылып, ошақтары сөндіріліп жатқанын жазғанбыз.